1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi уәкiлеттi органның сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысында анықталады.
2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi.
3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi.
4. Сот банктi банкрот деп тану және оны мәжбүрлеп тарату туралы шешiмдi уәкiлеттi органға жiбередi.
Ескерту. 71-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .
72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату
1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларынан айыру туралы шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Заңға сәйкес жүргiзiледi.
2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот уәкiлеттi органға жiбередi.
Осы Заңның 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларынан банк айырылады.
Ескерту. 72-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен
тәртiбi
1. Соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi заңды күшiне енгiзiлген күннен бастап осы Заңның 48-1-бабының 1-тармағы екiншi бөлiгiнiң 1), 2), 4) - 8) тармақшаларында көзделген салдарлар басталады.
Соттың банктi мәжбүрлеп тарату туралы шешiмi күшiне енген күннен бастап банктiң бұрын жұмыс iстеп келген органдарының өкiлеттiктерi тоқтатылады, басшы қызметкерлерi, ал қажет болған жағдайда өзге де қызметкерлерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген тәртiппен жұмыстан босатылады.
1-1. Банктердi банкроттық негiзде тарату осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар, осы Заңның 48-1 бабының 8-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi.
3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi.
4. Таратылатын банктiң аралық тарату балансын және кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
4-1. Аралық тарату балансы бекiтiлгенге дейiн кредитор мен борышкер бiр адам болатындықтан, өзара талаптарды есепке алуға жол берiледi.
Аралық тарату балансы бекiтiлгеннен кейiн осы кредитордың талаптарын қанағаттандырудың тиiсiнше кезегi келген кезде ғана өзара талаптарды есепке алу жүргiзiледi.
Таратылатын банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуды жүргiзуге тыйым салынады.
5. Таратылатын банктiң мүлкiн өткiзудi банктi тарату комиссиясы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртiппен жүргiзедi.
6. Банктi, оның iшiнде банкрот болу негiзi бойынша таратылатын банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
6-1. Банктi тарату туралы шешiм қабылдаған сот уәкiлеттi органмен банктiң тарату комиссиясының қызметiне байланысты кез келген ақпаратты сұратып алуға құқылы.
7. Тарату комиссиясы сотқа уәкiлеттi органмен келiсiлген тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын ұсынады.
Сот тарату туралы есептiлiктi және тарату балансын бекiтiп, тарату iсiнiң аяқталғаны туралы ұйғарым шығарады.
Тарату комиссиясы сот ұйғарымының көшiрмесiн заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына және уәкiлеттi органға жiбередi.
Тарату комиссиясы тарату балансы мен тарату туралы есеп бекiтiлгеннен кейiн оларды күнтiзбелiк отыз күн iшiнде заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, ал көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
8. Тарату комиссиясы банк қызметiнiң тоқтатылуы тiркелгеннен кейiн бес жұмыс күнi iшiнде банк қызметiнiң тоқтатылуының тiркелгенi туралы бұйрықтың көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынады.
Ескерту. 73-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
73-1-бап. Банктiң мiндеттемелерi мен мүлкiн басқа банкке
(банктерге) бiр мезгiлде беру жөнiндегi
операция
Ескерту. 73-1-бап алып тасталды - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы
1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша тарату туралы шешiм қабылданғаннан кейiн сот тарату iсiн қозғайды және уәкiлеттi органға оның филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, банктiң тарату комиссиясын құру жөнiнде мiндеттер жүктейдi.
Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады.
Мәжбүрлеп таратылатын банктердiң тарату комиссияларын тағайындау және тарату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар, сондай-ақ таратуды жүзеге асыру тәртiбi және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде сыйақыға құқығы, мәжбүрлеп таратылатын банктiң iстерi мен мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктердiң көлемi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен және кредиторлар комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келiсiммен реттеледi.
Банктiң тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.
2. (алып тасталды)
3. (алып тасталды)
Ескерту. 74-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық
массасын қалыптастыру ерекшелiктерi
1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Заңда белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады.
1-1. Банктiң тарату конкурстық массасына Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес шығарылған облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер және ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепiл мүлкi: ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқықтары (ипотекалық куәлiктердi қоса алғанда), сондай-ақ аталған облигацияларды ұстаушыларда оларға меншiк құқығы туындаған немесе оларға мәмiлелер не Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де негiздер бойынша ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары енгiзiлмейдi. Тарату комиссиясы көрсетiлген мүлiк пен бөлiнген активтердi кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес айқындалған ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне, облигацияларды ұстаушылардың өкiлiне бередi.
2. Тарату массасын, конкурстық массаны қалыптастыру кезiнде оған үшiншi тұлғаларға тиесiлi және сақтау мен есепке алу үшiн кастодиан-банкке сенiп тапсырылған бағалы қағаздар, сондай-ақ есепке алу және сақтау үшiн кастодиан банкке сенiп тапсырылған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi, инвестициялық қорлардың активтерi, арнайы қаржы компанияларының бөлiнген активтерi енгiзiлмейдi. Кастодиан-банкке сақтау және есепке алу үшiн сенiп тапсырылған зейнетақы активтерi, инвестициялық қордың активтерi, арнайы қаржы компаниясының бөлiнген активтерi жинақтаушы зейнетақы қорының, акционерлiк инвестициялық қордың, арнайы қаржы компаниясының немесе инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады.
3. Ислам банкiнiң тарату конкурстық массасына ислам банкiнiң инвестициялық депозитi туралы шарт бойынша тартылған ақша есебiнен сатып алынған мүлiк қосылмайды. Тарату комиссиясы аталған мүлiктi, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша мiндеттемелердi басқа ислам банкiне беруге тиiс.
Ислам банкiн таңдау және оған инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақша және таратылатын ислам банкiнiң инвестициялық депозиттерi бойынша мiндеттемелер есебiнен сатып алынған мүлiктi беру тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi .
Ескерту. 74-1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.06.29 N 236 , 2003.06.03 N 427 , 2004.07.07 N 577 , 2006.02.20 N 127 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2012.01.12 N 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
74-2-бап. Таратылатын банк кредиторларының талаптарын
қанағаттандырудың кезектiлiгi
1. Таратылатын банк кредиторларының, оның iшiнде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады.
2. Тарату iсiн жүргiзумен байланысты шығыстар, оның iшiнде банктiң тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар кезектен тыс жүргiзiледi.
3. Кредиторлардың белгiленген тәртiппен танылған талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиiс:
1) бiрiншi кезекте жеке тұлғалардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырады;
2) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбекақысы мен өтемақысын төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударым бойынша берешектi, жалақыдан ұсталған алименттi және мiндеттi зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу бойынша есеп айырысулар жүргiзiледi;
3) үшiншi кезекте депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымдардың мәжбүрлеп таратылатын банкке ұсынылатын есеп айырысуға сәйкес кепiлдiк берiлген депозиттер бойынша төленген (төленетiн) өтемақы сомалары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
4) төртiншi кезекте депозиттер, оның iшiнде таратылатын ислам банкiнде орналастырылған талап етуге дейiнгi процентсiз депозиттер және ақша аударымдары бойынша жеке тұлғалардың талаптары, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi есебiнен жүзеге асырылған депозиттер бойынша талаптары, "өмiрдi сақтандыру" саласы бойынша тартылған қаражат есебiнен жүзеге асырылған сақтандыру ұйымдарының депозиттерi бойынша талаптары қанағаттандырылады;
5) бесiншi кезекте тек қана қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерiнiң ұйымдарымен және оған теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы Мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен және осы заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысы есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдармен, олардың банктiк шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектер ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады;
6) алтыншы кезекте таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
7) жетiншi кезекте салық, алым және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер, сондай-ақ республикалық бюджеттен берiлген кредиттердi қайтару жөнiндегi берешектер өтеледi;
8) сегiзiншi кезекте басқа кредиторлармен Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес есеп айырысулар жүргiзiледi.
4. Әр кезектiң талабы алдыңғы кезектiң талаптары толық қанағаттандырылғаннан кейiн орындалады.
Кредитордың талабы оның келiсiмiмен Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн тәсiлдермен, оның iшiнде ақшалай нысанда және (немесе) мүлiктi заттай беру арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн.
Таратылатын банктiң ақшасы және (немесе) өзге де мүлкi, бiр кезектегi кредиторлардың талаптары қанағаттандырылған кезде, осы кезектегi кредиторлардың арасында қанағаттандырылуға тиiстi талаптар сомасына бара-бар бiр мезгiлде бөлiнедi.
Ескерту. 74-2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру. Оңалту рәсiмдерi
1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Заңда көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi.
Банкке қатысты оңалту рәсiмi соттың шешiмi бойынша банктi мәжбүрлеп тарату жөнiндегi шаралар шеңберiнде, оның төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шарттар мен талаптарды орындау мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi уәкiлеттi органның тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы.
Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады.
Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
2-1. Банк өзiнiң төлем қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру және (немесе) анықталған кемшiлiктердi жою мүмкiндiгi болған кезде оның банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы мәселенi қарауына байланысты оған қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану туралы сотқа өтiнiш мәлiмдеуге құқылы. Банктi оңалту жоспары банктiң өтiнiшiмен қоса берiлуге тиiс.
Банк өтiнiшiнiң бiр данасы қоса берiлетiн құжаттармен бiрге уәкiлеттi органға ұсынылады.
2-2. Банктiң оңалту жоспары уәкiлеттi органмен алдын ала келiсiлуi тиiс және оны ұсынылған күннен бастап он күн iшiнде сот бекiтедi.
Банктiң оңалту жоспарын өзгертуге сот шешiмi бойынша уәкiлеттi органның келiсiмiмен жол берiледi.
2-3. Банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүзеге асыру кезеңiнiң ұзақтығы алты айдан аспауға тиiс. Оңалту рәсiмдерiнiң басталу және аяқталу мерзiмдерiн сот айқындайды. Банктiң сот бекiткен оңалту жоспары банк пен оның лауазымды тұлғалары үшiн орындалуы мiндеттi құжат болып табылады.
2-4. Банк оңалту рәсiмiн уәкiлеттi органның бақылауымен жүргiзедi. Оңалту рәсiмi кезеңiндегi банк қызметi осы баптың талаптары ескерiле отырып, әдеттегiдей тәртiппен жүзеге асырылады.
3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу, осы баптың 2-1, 2-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады.
Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi.
4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi.
5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi.
7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi.
8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi.
9. Банктi мәжбүрлеп қайта ұйымдастыруды және оған қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзудi жүзеге асырудың өзге де мәселелерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Ескерту. 74-3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен .
74-4-бап. Уәкiлеттi органның банктердi тарату
процесiндегi бақылау өкiлеттiктерi
1. Уәкiлеттi орган ерiктi және мәжбүрлеп, оның iшiнде банкроттық негiз бойынша таратылатын банктердiң тарату комиссияларының қызметiне бақылау жүргiзудi жүзеге асыру мақсатында:
1) тарату комиссияларынан атқарылған жұмыс туралы есептер, ал қажет болған жағдайда, қосымша ақпарат алуға;
2) тарату комиссияларының есеп және қосымша ақпарат беру нысанын, мерзiмдерi мен кезеңдiлiгiн белгiлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тарату комиссияларының қызметiне тексеру жүргiзуге;
4) тарату комиссияларының қызметiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын, кредиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзушылықтар анықталған жағдайда, тарату комиссиялары орындауға мiндеттi бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқамалар шығаруға, нұсқамалардың орындалу мерзiмiн белгiлеуге;
5) тарату комиссиясы жазбаша нұсқаманы белгiленген мерзiмде орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қолдануға, сондай-ақ кредиторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа не прокуратура органдарына жүгiнуге;
6) тарату шығыстары сметасын қалыптастыру мен бекiтудiң ерекшелiктерiн және тәртiбiн белгiлеуге;
7) тарату комиссиясының кассадағы қолма-қол ақшаны сақтау, қолма-қол ақшамен кiрiс және шығыс операцияларын жасау, кассалық құжаттарды жүргiзу ережелерiн орындау, қолма-қол ақшаның жұмсалуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарын, касса қалдықтарының лимиттерiн, сондай-ақ тарату комиссиясының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны өткiзу мерзiмдерiн айқындауға құқылы.
2. Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату туралы iстi соттың қарауына қатысты банктерден қажеттi ақпарат алуға құқылы.
3. Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда тарату комиссиясының төрағасы, бөлiмше басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Ескерту. 74-4-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2001.03.02 N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2006.01.31. N 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Тарау.
Ескерту. 9-1-тарау алынып тасталды - ҚР 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
10-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер
Ескерту. 10-тараудың атауы жаңа редакцияда - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
75-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заңның қалыптары өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын барлық банкiлерге, соның iшiнде оларды ұйымдастырудың бастапқы кезеңiн регламенттейтiн жекелеген заңдық және қалыптық құжаттардың негiзiнде айрықша тәртiппен құрылған банкiлерге де, сондай-ақ банктердiң тiкелей және жанама қатысушылары болып табылатын тұлғаларға да қолданылады.
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Мемлекеттiк органдардың бөлiмшелерi болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметi, қызметiн реттеу және тоқтату тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшiншi тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттiк бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебiнен жүзеге асыруға құқылы.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту. 75-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
76-1-бап. Өтпелi ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшiншi бөлiгiнiң талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудиттi жүзеге асыруда қолданылмайды.
Ескерту. 76-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
76-бап.
Ескерту. 76-бап алынып тасталды - ҚР 1998.06.29 N 236 Заңымен.
77-бап. Уәкiлеттi органның iс-әрекеттерiне
(әрекетсiздiгiне) шағым беру
Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) сотқа шағым берiлуi мүмкiн.
Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, "Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы" 1993 жылғы 14 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртiбiн бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Ескерту. 78-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154 Заңымен.
Қазақстан Республикасының
Президентi