- Lektsia - бесплатные рефераты, доклады, курсовые работы, контрольные и дипломы для студентов - https://lektsia.info -

Бап. Банк операцияларын лицензиялау



1. Уәкiлеттi орган банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен бередi.
Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияларды уәкiлеттi орган ислам банктерiне ғана бередi.
Уәкiлеттi орган лицензия берген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердiң жүзеге асыруына рұқсат берiлген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.
Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
2. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр жыл iшiнде барлық ұйымдастыру-техникалық iс-шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сай келетiн үй-жайды, жабдықты және бухгалтерлiк есеп беру мен бас бухгалтерлiк кiтапты автоматтандыру жөнiндегi бағдарламалық қамтамасыз етудi дайындауға, тиiстi персонал жалдауға, содан соң уәкiлеттi органға мынадай құжаттарды:
1) өтiнiштi;
2) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
3) заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтаманы және өтiнiш берушi жарғысының нотариат куәландырған көшiрмесiн;
4) салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
5) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжатты;
6) осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктiң басшы қызметкерлерi лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын;
7) банктiң директорлар кеңесi бекiткен iшкi аудит қызметi туралы ереженi;
8) банктiң директорлар кеңесi бекiткен кредит комитетi туралы ереженi;
9) штат кестесiн (қызметкерлердiң тегiн, атын және бар болса әкесiнiң атын көрсете отырып);
10) банктiң бағдарламалық техникалық құралдарының уәкiлеттi органның және Қазақстан Республикасының кредиттiк бюро туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды;
11) ең төменгi мөлшерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген жарғылық капиталдың төленгенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн беруге тиiс.
2-1. Жұмыс iстеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн:
1) қосымша банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай iшiнде пруденциялық нормативтердiң орындалуын қамтамасыз етуге;
2) тәуекелдердi басқару және iшкi бақылау жүйелерiнiң болуы бөлiгiнде уәкiлеттi орган белгiлеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;
3) банк операцияларының қосымша түрлерiн жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ереженi табыс етуге тиiс.
3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат осы баптың 2-тармағындағы талаптардың орындалғанын растайтын құжаттарды уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен беруге мiндеттi.
4. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiштi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетiн құжаттар берiлген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде қарауға тиiс.
5. Ұлттық және (немесе) шетелдiк валютамен банк операцияларын жүргiзуге лицензия шектеусiз мерзiмге берiледi.
6. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия үшiншi адамдарға берiлмеуге тиiс.
7. Банк операцияларының барлық түрлерi оны жүргiзу құқығы лицензияда тiкелей көрсетiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
8. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия беру туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс.
Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16 N 436, 2001.03.02 N 162, 2003.05.16 N 416, 2003.07.10 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) N 483, 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

27-бап. Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден
бас тарту негiздерi

Банк операциясын жүргiзуге лицензия беруден бас тарту:
1) осы Заңның 26-бабының 2 және 2-1-тармақтарында белгiленген талаптардың кез келгенi сақталмаған;
1-1) құрамына банк кiретiн банк конгломераты белгiленген пруденциалдық нормативтердi және басқа да сақталуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi өтiнiш берiлгенге дейiнгi алты ай кезеңiнде сақтамаған;
2) егер банк мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап бiр жыл iшiнде лицензия алу жөнiнде өтiнiш жасамаған;
3) табыс етiлген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген;
4) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
5) қоғам органдары сайлағандардың қатарынан басшы қызметкерге келiсiм берiлмеген (жаңадан құрылатын банк үшiн) жағдайда жүргiзiледi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

28-бап. Банкiнiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн
өзгерiстер мен толықтырулар

1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2-1. Құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн, әдiлет органдарында қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды мемлекеттiк тiркегеннен кейiн банк тiркеген әдiлет органының белгiсi және мөрi бар құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн олар қайта тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Құрылтай құжаттарына қайта тiркелудi қажет етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, банк әдiлет органының банктiң хатын қабылдап алғандығы туралы белгiсi соғылған күннен бастап банк күнтiзбелiк он төрт күн iшiнде банктiң осы хатының көшiрмесiн, сондай-ақ құрылтай құжаттарына өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1997.07.11 N 154, 1999.07.16. N 436 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10 N 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

29-бап. Банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн құру, жабу

1. Қазақстан Республикасының резидент-банкi банктiң директорлар кеңесiнiң шешiмi негiзiнде уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзiнiң оқшауланған бөлiмшелерiн - өз филиалдары мен өкiлдiктерiн ашуға құқылы.

2. Банк өзiнiң филиалы мен өкiлдiгi әдiлет органдарында есептiк тiркелген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде олардың ашылғаны туралы уәкiлеттi органға:

1) филиалды (өкiлдiктi) есептiк тiркеу туралы анықтаманы;

2) тiркеген әдiлет органының белгiсi мен мөрi бар банктiң филиалы немесе өкiлдiгi туралы нотариат куәландырған ереженiң көшiрмесiн;

3) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4) филиалдың немесе өкiлдiктiң бiрiншi басшысына берiлген сенiмхаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса тiркей отырып, жазбаша хабарлауға мiндеттi.

3. Қазақстан Республикасы аумағында банктiң филиалын немесе өкiлдiгiн құруға, жабуға жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың келiсiмi талап етiлмейдi.

4. Банктiң филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметiн жүзеге асыратын және өзiне банк берген өкiлеттiк шегiнде әрекет ететiн банктiң оқшауланған бөлiмшесi. Банк филиалының банкпен бiрыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетiн атауы болады.
Банк филиалы бiр облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегiнде бiрнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

5. Банктiң өкiлдiгi - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктiң атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететiн, банк қызметiн жүзеге асырмайтын банктiң оқшауланған бөлiмшесi.

6. Банктiң филиалдар ашуының, бiрнеше мекен-жайлар бойынша орналасқан жұмыс iстеп тұрған филиалдардың қосымша үй-жайларының санын арттыру үшiн:

1) банктiң соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша залал шектiрмеген қызметi;

2) филиал әдiлет органдарында есептiк тiркелген күннiң немесе филиал туралы ережеге банктiң жұмыс iстеп тұрған филиалының, оның iшiнде бiрнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлiгiнде толықтырулар енгiзу туралы банктiң хатын қабылдап алғандығы туралы әдiлет органының белгiсi соғылған күннiң алдындағы үш ай iшiнде банктiң пруденциалдық нормативтердi сақтауы;

3) уәкiлеттi органның филиал әдiлет органдарында есептiк тiркелген күннiң немесе филиал туралы ережеге банктiң жұмыс iстеп тұрған филиалының, оның iшiнде бiрнеше мекен-жайдағы қосымша үй-жайларының санын көбейту бөлiгiнде толықтырулар енгiзу туралы банктiң хатын қабылдап алғандығы туралы әдiлет органының белгiсi соғылған күннiң алдындағы үш ай iшiнде банкке осы Заңның 47-бабы 2-тармағының б)-з) тармақшаларында көзделген санкцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 168-2-бабының 2, 3, 5, 7 және 8 бөлiктерiнде және 356-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк жаза түрiндегi санкцияларды қолданбауы мiндеттi шарттар болып табылады.

4) алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

7. Қазақстан Республикасының резидент банкi соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктiң қызметi залал шекпеген жағдайда өкiлдiгiн ашуға құқылы.

8. Филиал, өкiлдiк туралы ережеге әдiлет органдарында есептiк қайта тiркелудi қажет ететiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкi әдiлет органдарында есептiк қайта тiркелген күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға:
1) филиал, өкiлдiк туралы ережеге енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
2) филиалды (өкiлдiктi) есептiк қайта тiркеу туралы анықтаманы ұсынуға мiндеттi.
Филиал, өкiлдiк туралы ережеге әдiлет органдарында есептiк тiркеудi қажет етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының резидент-банкi әдiлет органының банктiң хатын қабылдап алғандығы туралы белгiсi соғылған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген хаттың көшiрмесiн, филиал, өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Филиалдың орналасқан жерi өзгерген жағдайда, банк филиалдың үй-жайының уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген талаптарға сай келетiнiн растайтын қорытынды мен актiнiң нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға қосымша табыс етедi.

8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резидентi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келiсiмi болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.

9. Қазақстан Республикасының резидент банкi Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкiлдiктерiн ашқан жағдайда, мемлекеттiң тиiстi органында тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде мемлекеттiң тиiстi органында тiркелгендiгiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкiлеттi органға жазбаша хабарлауға мiндеттi.

10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкi өз өкiлдiгiн уәкiлеттi органның келiсiмiн алмастан ашуға құқылы.

11. Қазақстан Республикасының резидентi емес-банктiң өкiлдiгi әдiлет органдарында есептiк тiркелген күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға ашылғаны туралы:

1) Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдiгiн есептiк тiркеу туралы анықтаманы;

2) тiркеген әдiлет органының белгiсi мен мөрi бар өкiлдiк туралы ереженiң нотариат куәландырған көшiрмесiн;

3) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының Қазақстан Республикасының резидентi емес-банктiң банк қызметiн жүргiзуге қолданыстағы лицензиясының бар екенi туралы жазбаша растамасын;

4) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резидентi емес-банк өкiлдiгiнiң ашылуына қарсы емес екенi туралы жазбаша хабарламасын не банктiк қадағалау органының немесе тиiстi мемлекеттiң беделдi заң қызметiнiң Қазақстан Республикасының резидентi емес-банк мемлекетiнiң заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етiлмейтiнi туралы өтiнiшiн;

5) банк өкiлдiгi басшысының атына берiлген нотариат куәландырған сенiмхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға мiндеттi.

12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктiң филиалдарын ашуға тыйым салынады.

13. Қазақстан Республикасының резидентi емес банктiң өкiлдiгi әдiлет органдарында есептiк тiркелген (қайта тiркелген) күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органды осы құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн қоса бере отырып, өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген туралы хабардар етуге мiндеттi.
Өкiлдiк туралы ережеге қайта тiркелудi қажет етпейтiн өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзiлген жағдайда, Қазақстан Республикасының резидентi емес банктiң өкiлдiгi әдiлет органының Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдiгiнiң хатын қабылдап алғандығы туралы белгiсi соғылған күннен бастап отыз жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының резидентi емес банк өкiлдiгiнiң көрсетiлген хатының көшiрмесiн, өкiлдiк туралы ережеге өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшiрмелерiн уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.

14. Банк өзiнiң филиалы және (немесе) өкiлдiгi әдiлет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкiлдiктер қызметi тоқтатылған кезде - мемлекеттiң тиiстi тiркеу органында) есептiк тiркеуден шығарылған күннен бастап он төрт жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға банк филиалының және (немесе) өкiлдiгiнiң есептiк тiркеуден шығарылғанын растайтын әдiлет органы құжатының нотариат куәландырған көшiрмесiн қоса бере отырып, олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиiс.

15. Уәкiлеттi орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкiнiң филиалын және (немесе) өкiлдiгiн және резидентi емес-банк өкiлдiгiн жабуды талап етедi.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Тарау.

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы алынып тасталды - ҚР 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

30-бап. Банк қызметi

1. Банктердiң осы бапта белгiленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметi болып табылады.
2. Банк операцияларына:
1) депозиттердi қабылдау, заңды тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
2) депозиттердi қабылдау, жеке тұлғалардың банктiк шоттарын ашу және жүргiзу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу;
4) банктердiң жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашуы және жүргiзуi жатады, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетiледi;
5) кассалық операциялар: банктердiң және Ұлттық почта операторының қолма-қол ақшаны ұсақтауды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, орауды және сақтауды қоса алғанда, оны қабылдауы және беруi;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың ақша төлемi мен аударымы бойынша тапсырмаларын орындау. Аударым операциясын жүзеге асыруға лицензия банктерге және осы баптың 6-1-тармағында аталған заңды тұлғаларға берiледi;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерi мен өзге де борышкерлiк мiндеттемелерiн есепке алу (дисконт);
8) банктiк заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға немесе агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына төлемдiлiк, мерзiмдiлiк және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру; V053870
9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) алып тасталды
11) алып тасталды
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
13) төлем құжаттарын (вексельдердi қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша мiндеттемелердi орындау;
15) банктердiң ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдiктерiн беруi; V085231
16) банктердiң үшiншi тұлғалар үшiн ақшалай нысанда орындау көзделетiн банк кепiлдемелерiн және өзге де мiндеттемелердi беруi жатады.
3. Банк операцияларына мыналар жатпайды:
1) Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес микроқаржы ұйымдарының микрокредиттер беру жөнiндегi қызметi;
2) тапсырма шарты негiзiнде сенiм бiлдiрушiнiң (қызметтi берушiнiң) атынан және оның тапсырмасы бойынша iс-әрекет жасайтын сенiм бiлдiрiлген адам жүзеге асыратын қаржылық қызметтен басқа, көрсетiлетiн қызметтер үшiн төлеуге тұтынушылардан қолма-қол, оның iшiнде электрондық терминалдар арқылы ақша қабылдау. Сенiм бiлдiрiлген адамның төлемдердi сенiм бiлдiрушiнiң (қызметтi берушiнiң) пайдасына қабылдау құқығын растайтын құжаттар төлеушiге оның талап етуi бойынша танысу үшiн берiлуге тиiс.
4. Осы баптың 2-тармағында тiзбеленген банк операциялары уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен электрондық тәсiлмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
5. Банктерге осы бапта көзделген банктiк және өзге де операцияларды жүргiзуге лицензияны уәкiлеттi орган бередi.
6. Осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бiр немесе бiрнеше түрлерiн жүргiзудi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым мынадай:
1) осындай ұйымның қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңында көрсетiлген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкiндiгi көзделген;
2) осы баптың 2-тармағының 8) тармақшасында көзделген банк операцияларын бас банктiң күмәндi және үмiтсiз активтерiн сатып алатын банктердiң еншiлес ұйымдары, сондай-ақ екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттiк портфельдерiнiң сапасын жақсартуға маманданған ұйым лицензиясыз жүзеге асыра алатын жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лицензиясы болғанда жүзеге асырады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргiзуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi орган бередi.
6-1. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын қор биржасы, орталық депозитарий аталған заңды тұлғаларда уәкiлеттi органның осы баптың 2-тармағының 1) және (немесе) 3) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргiзуге берген лицензиясы болған кезде, сондай-ақ банкаралық ақша аудару жүйесiнiң операторы жүзеге асырады.
Өзге заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағының 1) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктер шегiнде жүргiзедi.
7. Осы баптың 2-тармағының 6) тармақшасында көзделген банк операциясын олардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар, кредиттiк серiктестiктер, Ұлттық почта операторы, «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзiнiң операторы, сондай-ақ Қазақстанның Даму Банкi уәкiлеттi органның лицензиясынсыз жүзеге асырады.
7-1. Уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ оларды банктерге және банктердiң тапсырмасы бойынша олардың клиенттерiне беру жөнiндегi қызметтi қоспағанда, қызметтiң өзге түрлерiмен (операциялармен) айналысуына тыйым салынады.
8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердiң осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
9. Осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
10. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде банктерге және жекелеген қызмет түрлерiне лицензиялар алуына байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн.
11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкiлеттi органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күмiс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйiнде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлiк бұйымдарды сатып алу, кепiлге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдердi инкассоға қабылдау, төлемшiлердiң вексельдердi төлеуi жөнiнде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртiбiмен домицилденген вексельдердi, вексельдер акцептiн төлеу;
4) лизинг қызметiн жүзеге асыру;
5) өзiнiң бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
6) факторингтiк операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушыдан төлемсiз тәуекел етiп қабылдай отырып, төлем жүргiзудi талап ету құқығын алу;
7) форфейтингтiк операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алушының қарыз мiндеттемесiн сатушыға айналым түспейтiн жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
8) сенiмгерлiк операциялар: сенiмгердiң мүддесiне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
9) сейфтiк операциялар: сейфтiк жәшiктердi, шкафтарды және бөлмелердi жалға берудi қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердiң құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсiби қызмет түрлерiн жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының және рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингiн алған елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен не онсыз уәкiлеттi органның шешiмi бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздармен, базалық активтерiнiң тiзбесi мен оны сатып алу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен - брокерлiк;
2) Қазақстан Республикасының және рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингiн алған елдердiң бағалы қағаздарымен не онсыз уәкiлеттi органның шешiмi бойынша мемлекеттiк бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерiнiң тiзбесi мен оны сатып алу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн туынды бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен, осы Заңның 8-бабында белгiленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлiк;
3) кастодиандық
4) трансфер-агенттiк.
Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше үйлесiмдi түрлерiн жүзеге асыруына лицензияны уәкiлеттi орган бередi.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесiн және ең төменгi талап етiлетiн рейтингiн уәкiлеттi орган айқындайды.
13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес уәкiлеттi орган берген лицензиясы негiзiнде Ұлттық почта операторы жүргiзуге құқылы.
Бас банкi не тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленетiн рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң талап етiлетiн ең төменгi рейтингi бар банк холдингi не iрi қатысушысы - жеке тұлғасы жоқ банктер (орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке және (немесе) ұлттық басқарушы холдингке тiкелей немесе жанама тиесiлi банктердi қоспағанда) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргiзуге құқылы емес.
14. Осы баптың ережелерi ислам банктерiнiң қызметiне осы Заңның 52-1-бабында көрсетiлген ислам банктерi қызметiне қойылатын талаптарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2006.07.07 N 178, 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз), 2009.07.11 N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.11.26 N 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын
жалпы талаптар

1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.

2. Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидаларды банктiң директорлар кеңесi бекiтуге және онда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер:
1) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн кредиттердiң шектi сомалары мен мерзiмдерi;
2) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы ставкасының шектi шамасы;
3) депозиттер мен кредиттер бойынша сыйақы төлеу шарттары;
4) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
5) банк операцияларын жүргiзуге арналған ставкалар мен тарифтер;
6) банктiк қызметтердi көрсету туралы шешiм қабылдаудың шектi мерзiмдерi;
7) банктiк қызметтердi көрсету үдерiсiнде туындайтын клиенттердiң өтiнiштерiн қарау тәртiбi;
8) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
9) ислам банкiнiң және оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, ислам банкiнiң банк операцияларын жүргiзу шарттары және соған байланысты тәуекелдер;
10) клиенттермен жұмыс тәртiбi туралы ереже;
11) банктiң директорлар кеңесi операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттарына енгiзу қажет деп есептейтiн өзге де шарттар, талаптар және шектеулер болуға тиiс.
Операцияларды жүргiзудiң жалпы шарттары туралы қағидалар банктiк қызметтердi көрсету және банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде айқындалатын банктiк қызметтердi көрсету үдерiсiнде туындайтын клиенттердiң өтiнiштерiн қарау тәртiбiне сәйкес келуге тиiс.

2-1. Ислам банкiнiң операцияларын жүргiзудiң жалпы талаптары туралы ережелердi ислам банкiнiң директорлар кеңесi осы Заңның 52-2-бабының 3-тармағында көзделген талапты ескере отырып бекiтедi.

3. Банкiнiң iшкi ережелерi:

а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;

б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;

в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;

г) банкiнiң атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.

4. Банктердiң кредит беру жөнiндегi құжаттаманы жүргiзу тәртiбi және қажеттi құжаттар тiзiлiмi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен айқындалады.