1. Банк қызметiн жүзеге асыруға байланысты залалдарды жабу үшiн банктер қалыптастыратын мiндеттi резерв динамикалық резерв болып табылады.
Банктер салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен және шарттарда динамикалық резервтi қалыптастыруға мiндеттi.
Динамикалық резерв жай акциялар бойынша дивидендтер төленгенге дейiн құрылады. Егер динамикалық резервтiң нақты мөлшерi салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсiмiн қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсе отырып, уәкiлеттi орган белгiлейтiн ең төмен мөлшерден мөлшерден аз болса, банктер жай акциялар бойынша дивидендтер есептеуге (төлеуге) құқылы емес.
2. Жүргiзiлiп жатқан операциялардың сипаты мен ауқымына сәйкес өз қызметiн бақылаудың тиiстi деңгейiн және оның сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында банктер халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес провизиялар (резервтер) құруға мiндеттi.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
44-бап. Банктердiң, банк холдингтерiнiң және банк
конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру
1. Банктердiң, банк холдингтерiнiң және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексерудi уәкiлеттi орган дербес не басқа мемлекеттiк органдарды және (немесе) ұйымдарды тарта отырып жүргiзедi.
Уәкiлеттi орган банктердiң қызметiне тексеру жүргiзген кезде банктердiң үлестес тұлғаларының қызметiн тек қана олардың банктердiң қызметiне ықпал ету дәрежесi мен сипатын айқындау мақсатында тексеруге құқылы.
2. Банктер, банк холдингтерi, банк конгломератына қатысушылар, сондай-ақ олардың үлестес тұлғалары уәкiлеттi органның тексеру жөнiндегi тапсырмасында көрсетiлген мәселелер бойынша тексерушi органға жәрдем көрсетуге, сондай-ақ кез келген лауазымды адамдар мен қызметкерлерге сауал қою мүмкiндiгiн және тексерудi орындау үшiн қажеттi кез келген ақпарат көздерiне қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Уәкiлеттi органның қызметкерлерiне банктердiң, банк холдингтерiнiң және банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған мәлiметтердi жария етуiне не үшiншi тұлғаларға беруiне тыйым салынады.
4. Тексерудi жүзеге асырушы адамдар банктердiң, банк холдингтерiнiң, банк конгломератына қатысушылардың қызметiн тексеру барысында алынған және банктiк не коммерциялық құпия болып табылатын мәлiметтердi жария еткенi үшiн жауаптылықта болады.
5. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының талаптары мына талаптардың бiрi орындалған:
тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң А рейтингiнен төмен емес жеке кредиттiк рейтингi, сондай-ақ банк холдингi, банк холдингi белгiлерiне ие тұлға шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының көрсетiлген Қазақстан Республикасының резиденттерi емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келiсiм, сондай-ақ рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерге қолданылмайды. Ең төменгi рейтинг пен рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 44-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
45-бап. Ертерек ден қою шаралары
1. Уәкiлеттi орган банктердiң депозиторлары мен кредиторларының заңды мүдделерiн қорғау, банктiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына және банк қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюына жол бермеу мақсатында банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына әсер ететiн мынадай факторларды:
1) меншiктi капиталының жеткiлiктiгi коэффициенттерiнiң
төмендеуiн;
2) өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң төмендеуiн;
3) жеке және заңды тұлғалардың банк мiндеттемелерi сомасында тартылған салымдары үлесiнiң төмендеуiн;
4) негiзгi борышы және пайыздық сыйақысы бойынша мерзiмiн кешiктiру уақыты күнтiзбелiк тоқсан күннен асатын банктiң несие портфелiнiң жалпы көлемiндегi қарыздардың ұлғаюын;
5) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген, банктiң қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына әсер ететiн өзге де факторларды анықтау үшiн банктердiң қызметiне талдау жасауды жүзеге асырады.
2. Уәкiлеттi орган банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына және банк конгломератының қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюына жол бермеу мақсатында, банк конгломератының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына әсер ететiн мынадай факторларды:
1) банк конгломератының меншiктi капиталының жеткiлiктiгi коэффициентiнiң төмендеуiн;
2) бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғары мөлшерi коэффициентiнiң ұлғаюын;
3) банк конгломератына қатысушылар болып табылатын қаржы ұйымдарына қатысты ертерек ден қою шараларының қолданылуын;
4) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген, банк конгломератының қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына әсер ететiн өзге де факторларды анықтау үшiн банк конгломератының қызметiне талдау жасауды жүзеге асырады.
3. Банктiң қаржылық жағдайына талдау жасаудың нәтижесiнде және (немесе) оны тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 1-тармағында көрсетiлген факторлар анықталған жағдайда уәкiлеттi орган банкке және (немесе) оның акционерлерiне банктiң қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына және банк қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюына жол бермеу жөнiндегi ертерек ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын ұсыну жөнiнде жазбаша нысанда талап жiбередi.
Банк және (немесе) оның акционерлерi көрсетiлген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде iс-шаралар жоспарын әрбiр тармақ бойынша атқарылу мерзiмдерi мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзiрлеуге және уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк және (немесе) оның акционерлерi жоспарда белгiленген мерзiмдерде оның орындалу нәтижелерi туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, жоспарды iске асыруға кiрiседi.
Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банкке және (немесе) оның акционерлерiне төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бiрiн немесе бiрнешеуiн:
1) банктiң ұйымдық құрылымын және (немесе) штат санын өзгертудi;
2) депозиттер қабылдауды шектеудi;
3) уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде дивидендтердi есептеудi және (немесе) төлеудi тоқтатуды;
4) банк провизияларын ұлғайтуды;
5) банктiң басшы немесе өзге де қызметкерлерiн лауазымынан шеттетудi;
6) тәуекел дәрежесi жоғары банк операцияларының жекелеген түрлерiн тоқтата тұруды немесе шектеудi;
7) банктiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi мөлшерде, оның iшiнде оның жарғылық капиталын ұлғайту жолымен банктiң меншiктi капиталын ұлғайтуды;
8) банктiң активтерiн және (немесе) мiндеттемелерiн қайта құрылымдауды;
9) әкiмшiлiк шығыстарды қысқартуды, оның iшiнде қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, оның жекелеген филиалдары мен өкiлдiктерiн, еншiлес ұйымдарын жабу арқылы қысқартуды қолданады.
4. Банк конгломератының қаржылық жағдайына талдау жасау нәтижесiнде және (немесе) банк холдингiн не банк конгломератының қатысушыларын тексеру қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетiлген факторлар анықталған жағдайда, уәкiлеттi орган банк холдингiне және (немесе) оның iрi қатысушыларына банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын арттыру, оның қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына және банк конгломератының қызметiмен байланысты тәуекелдердiң ұлғаюына жол бермеу бойынша ертерек ден қою шаралары көзделетiн iс-шаралар жоспарын ұсыну жөнiнде жазбаша нысанда талап жiбередi.
Банк холдингi және (немесе) оның iрi қатысушылары көрсетiлген талапты алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде iс-шаралар жоспарын әрбiр тармақ бойынша атқарылу мерзiмдерi мен жауапты лауазымды адамдарды көрсете отырып әзiрлеуге және уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдаған жағдайда, банк холдингi және (немесе) оның iрi қатысушылары жоспарда белгiленген мерзiмдерде оның орындалу нәтижелерi туралы уәкiлеттi органды хабардар ете отырып, жоспарды iске асыруға кiрiседi.
Уәкiлеттi орган iс-шаралар жоспарын мақұлдамаған жағдайда, талап ету арқылы банк холдингiне және (немесе) оның iрi қатысушыларына төменде санамаланған ертерек ден қою шараларының бiрiн немесе бiрнешеуiн:
1) банк конгломератының қатысушыларының өз акционерлерiнiң (қатысушыларының) арасында жай акциялар бойынша дивидендтердi есептеуiн және (немесе) төлеуiн (таза кiрiстi бөлуiн) тиiсiнше уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмге тоқтатуды;
2) басшы немесе өзге де қызметкерлерiн лауазымнан шеттетудi;
3) банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi мөлшерде, оның iшiнде банк конгломератының жарғылық капиталын ұлғайту жолымен оның меншiктi капиталын ұлғайтуды;
4) банк конгломератының активтерiн қайта құрылымдауды;
5) әкiмшiлiк шығыстарды қысқартуды, оның iшiнде қызметкерлердi қосымша жалдауды тоқтату немесе шектеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тысқары жерлерде де еншiлес және тәуелдi ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлесiн азайту арқылы қысқартуды;
6) банк холдингiн және банк конгломератының қатысушыларын тәуекелге ұшырататын операцияларды (тiкелей және жанама) тоқтата тұруды қолданады.
5. Банктiң (банк конгломератының) қаржылық тұрақтылығын арттыруға бағытталған iс-шаралар жоспары осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгiленген мерзiмдерде ұсынылмаған немесе осы жоспардың iс-шаралары уақтылы орындалмаған, сондай-ақ ертерек ден қою шаралары уәкiлеттi органның талаптарына сәйкес орындалмаған немесе уақтылы орындалмаған жағдайда банкке (банк холдингiне) және (немесе) оның акционерлерiне (iрi қатысушыларына) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ықпал етудiң шектеулi шаралары және (немесе) санкциялар, сондай-ақ мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
6. Ертерек ден қою шараларын қолдану тәртiбi және банктiң (банк конгломератының) қаржылық жай-күйiнiң нашарлауына әсер ететiн факторларды анықтау әдiстемесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
7. Осы баптың талаптары мынадай шарттардың бiрi орындалған:
тiзбесiн уәкiлеттi орган белгiлейтiн рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң А рейтингiнен төмен емес жеке кредиттiк рейтингiнiң, сондай-ақ банк холдингi, банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлға шыққан елдiң қаржылық қадағалау органының аталған Қазақстан Республикасының резидентi емес тұлғалардың шоғырландырылған қадағалауға жататындығы туралы жазбаша растауы болған;
уәкiлеттi орган мен шет мемлекеттiң тиiстi қадағалау органы арасында ақпарат алмасу туралы келiсiм, сондай-ақ рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң ең төменгi талап етiлетiн рейтингi болған кезде банк холдингi, банк холдингiнiң белгiлерiне ие тұлға болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi еместерге қолданылмайды. Ең төменгi рейтинг пен рейтингтiк агенттiктердiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленедi.
Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.12.26 N 61-V (2012.02.04 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
46-бап. Ықпал етудiң шектеулi шаралары
1. Пруденциалдық қалыптардың және сақталуға мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердiң, Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын уәкiлеттi орган тапқан, банкiнiң лауазымды адамдары мен қызметкерлерiнiң оның қаржы қауiпсiздiгi мен тұрақтылығына, сондай-ақ оның депозиторларының, клиенттерi мен корреспонденттерiнiң мүдделерiне қауiп төндiретiндей заңсыз әрекеттерiн немесе әрекетсiздiгiн анықтаған, сондай-ақ уәкiлеттi органның осы Заңда көзделген өзге де талаптарын орындамаған жағдайларда уәкiлеттi орган банкiге мынадай шектеулi ықпал ету шараларының бiрiн қолдануға:
а) мiндеттеме-хат талап етуге;
б) банкiмен жазбаша келiсiм жасасуға;
в) жазбаша ескерту жасауға;
г) атқарылуға мiндеттi жазбаша нұсқама беруге құқылы.
2. Банкiнiң мiндеттеме-хатында орын алып отырған Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылғанын мойындау фактiсi, сондай-ақ банк басшылығының жоспарланған шаралар тiзбесiн көрсете отырып, оларды қатаң белгiленген мерзiмде қоятындығы туралы кепiлдемесi болуға тиiс.
3. Жазбаша келiсiм - бұл анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтарды жою қажеттiгi туралы және осы бұзушылықтарды жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды бекiту туралы банк пен уәкiлеттi орган арасындағы келiсiм.
4. Жазбаша нұсқама - анықталған кемшiлiктердi белгiленген мерзiмде жоюға бағытталған орындалуы мiндеттi түзету шараларын қолдану туралы банкке нұсқау.
Уәкiлеттi органның жазбаша нұсқамасына сотқа шағым жасау оның орындалуын тоқтата тұрмайды.
5. Банк мiндеттеме-хаттың, жазбаша келiсiмнiң немесе жазбаша нұсқаманың осы құжатта көрсетiлген мерзiмде орындалғаны туралы уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.
6. Егер орын алып отырған кемшiлiктер Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде жойылмаған немесе уәкiлеттi орган банктiң Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда, жазбаша ескерту осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды банкiге қолдану мүмкiндiгi туралы уәкiлеттi органның хабардар етуi болып табылады.
7. Ықпал етудiң шектеулi шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.
8. Осы бапта келтiрiлген шаралар банк холдингiне, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарға, банктiң iрi қатысушыларына қатысты, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған, оның iшiнде банк холдингi, банктiң iрi қатысушысы мәртебесiн алғаннан кейiн тұрақсыз қаржылық жағдай белгiлерi туындаған жағдайда, сондай-ақ уәкiлеттi орган осы тұлғалардың, олардың лауазымды адамдарының немесе қызметкерлерiнiң бұзушылықтары, заңсыз iс-әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi банктiң немесе банк конгломератының қаржылық жай-күйiн нашарлатқанын анықтаған жағдайда, қолданылуы мүмкiн.
9. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
Ескерту.
46-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күшi бар Жарлығымен , ҚР 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 2005.07.08. N 69 Заңымен , 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.02.19 N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
Бап. Санкциялар
1. Уәкiлеттi орган банкке, банк холдингiне, банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарға, банктiң iрi қатысушыларына бұрын қолданылған ықпал ету шараларына қарамастан оларға санкциялар қолдануға құқылы.
2. Санкциялар ретiнде уәкiлеттi орган мынадай шаралар қолдануға:
а) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген негiздер бойынша айыппұл салуға;
б) осы Заңның 48-бабында белгiленген негiздер бойынша барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны тоқтата тұруға не одан айыруға;
в) осы Заңның 62-67-баптарында белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша банкiнi консервациялауға;
г) осы Заңның 49-бабында көзделген негiздер бойынша банк ашуға берiлген рұқсаттан айыруға құқылы;
д) банктiң меншiктi капиталының терiс мөлшерi болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша банк акцияларын (акционерлердiң үлесiн) уәкiлеттi орган белгiлеген баға бойынша акцияларды, кейiннен жаңа инвесторға сатып алынған баға бойынша мiндеттi түрде дереу сату, сонымен бiр мезгiлде банк пен оның акционерлерiнiң барлық құқықтары мен мiндеттемелерiн беру шартымен, мәжбүрлеп сатып алу туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күнгi оның мiндеттемелерiнiң сомасы шегерiлген банк активтерiнiң құнын негiзге ала отырып шешiм қабылдау;
е) басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келiсiмiн бiр мезгiлде керi қайтарып ала отырып, осы Заңның 20-бабында көрсетiлген адамдарды аталған басшы қызметкердiң (қызметкерлердiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету.
ж) алып тасталды - 2005.12.23. N 107 Заңымен.
з) банктiң және (немесе) банк конгломератының өз капиталы жеткiлiктiлiгiнiң коэффициенттерiнiң мәндерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарымен белгiленген нормативтерден елу проценттен аз деңгейге дейiн төмендеген жағдайда, банк осы Заңның 60-бабы және уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылуға мiндеттi.
Банк осы тармақшаның бiрiншi абзацында айтылған құқықтан бас тартқан немесе осы Заңның 61-бабында көрсетiлген негiздер бойынша банктiң кредиттiк серiктестiк болып қайта құрылуына рұқсат беруден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган банк акцияларын осы Заңның 47-1-бабының 3-тармағына сәйкес, ол (олар) осы Заң талаптарын сақтаған жағдайда, кейiннен жаңа инвесторға (инвесторларға) иелiктен шығарып беру үшiн банк акцияларын уәкiлеттi орган сенiмгерлiкпен басқаруына беру жөнiнде банк акционерлерiмен шарт жасасу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Акционерлер акцияларын сенiмгерлiкпен басқаруға беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган шарт жасасуға мәжбүрлеу туралы талаппен сотқа жүгiнуге құқылы.
3. Уәкiлеттi орган осы баптың 2-тармағының e) тармақшасында көзделген санкцияны қолданған жағдайда, қызметiнен шеттетiлген қызметкерлердi жұмыстан босату туралы шешiмдi оларды тиiстi қызметтерге тағайындаған немесе сайлаған органдар қабылдайды.
4. (алып тасталды)
5. Банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айыру туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi.
6. Уәкiлеттi орган банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясынан (лицензияларынан) айырғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi.
Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады.
6-1. Алып тасталды - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
7. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшiсi) банк лицензиядан айырылған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргiзу туралы шешiм қабылдайды және осы операцияны жүргiзу туралы мәселенi келiсу үшiн уәкiлеттi органға жүгiнедi.
Уәкiлеттi орган банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмшiсiнiң) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны жүргiзуiн он жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде келiседi.
Уәкiлеттi орган банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшiсi) көрсетiлген операцияны жүргiзгеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен банктiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен он жұмыс күнi iшiнде сотқа жүгiнедi.
Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмшiсi) осы Заңның 61-2-бабында көзделген операцияны осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмде жүргiзу туралы шешiмдi қабылдамаған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен банктiң қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiшпен сотқа жүгiнедi.
Уәкiлеттi орган лицензиядан айыру туралы қабылданған шешiм жөнiндегi ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында таратылатын мерзiмдi екi баспа басылымында жариялайды.
8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияны қайтарып алу туралы шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.
Ескерту. 47-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1996.01.27. N 2830 Заң күшi бар Жарлығымен , ҚР 1996.12.07. N 50 Заңымен , 1997.07.11. N 154 Заңымен , 2001.03.02. N 162 Заңымен , 2003.07.10. N 483 (2004.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен , 6-1-тармақпен толықтырылды - 2005.07.08. N 69 Заңымен , 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi), 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
47-1-бап. Iрi қатысушы немесе банк холдингi белгiлерiн
иеленушi тұлғаларға, сондай-ақ банктiң iрi
қатысушыларына, банк холдингтерiне және банк
конгломератының құрамына кiретiн заңды
тұлғаларға қатысты қолданылатын мәжбүрлеу
шаралары
1. Уәкiлеттi орган iрi қатысушы немесе банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаларға, сондай-ақ банктiң iрi қатысушыларына және банк холдингтерiне немесе банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғаларға:
1) iрi қатысушы және банк холдингi мәртебесiн иемденуге уәкiлеттi органның келiсiмiн алмаған;
2) банктiң iрi қатысушысы және банк холдингi мәртебесiн иемденгеннен кейiн осы Заңның 17-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мән-жайлар туындаған;
3) осы Заңның 46-бабына сәйкес қолданылған ықпал етудiң шектеулi шараларын орындамаған;
4) банктiң iрi қатысушы немесе банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлға, сондай-ақ банктiң iрi қатысушылары (оның iшiнде iрi қатысушы бақылау жасай алатын ұйымдар), банк холдингi немесе банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғалар жасаған iс-әрекеттер, соның салдарынан банкке залал келтiрiлген немесе залал келтiрiлуi мүмкiн болған;
5) iрi қатысушының немесе банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаның, сондай-ақ банктiң iрi қатысушыларының (оның iшiнде iрi қатысушы бақылау жасайтын ұйымдардың), банк холдингiнiң немесе банк конгломератының құрамына кiретiн заңды тұлғалардың қаржылық жай-күйi тұрақсыз болған, соның салдарынан банкке залал келтiрiлген немесе залал келтiрiлуi мүмкiн болған;
6) осы Заңның 45-бабында көрсетiлген факторлардың анықталуына байланысты, банктiң немесе банк конгломератының қаржылық жағдайы нашарлаған;
7) банк конгломераты пруденциялық нормативтердi жүйелi түрде (бiр жыл iшiнде екi және одан көп рет) орындамаған жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының талаптарын орындамауға алып келген iс-әрекетi немесе әрекетсiздiгi үшiн де уәкiлеттi орган банк холдингтерiне және оның iрi қатысушыларына мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлар болған кезде, уәкiлеттi орган:
1) iрi қатысушы белгiлерiн иеленушi тұлғадан, сондай-ақ банктiң iрi қатысушысынан оның тiкелей немесе жанама иелену үлесiн банктiң дауыс беретiн акцияларының он пайызынан төмен деңгейге дейiн азайтуды талап етуге;
2) банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғадан, сондай-ақ банк холдингiнен оның тiкелей немесе жанама иелену үлесiн банктiң дауыс беретiн акцияларының жиырма бес пайызынан төмен деңгейге дейiн азайтуды және банктi тәуекелге ұшырататын, өзi мен банк арасындағы операцияларды (тiкелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
3) банктен және банк холдингiнен банк немесе банк холдингi олардың акционерi (қатысушысы) болып табылатын ұйымдарға, сондай-ақ банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарға қатысты банктi және (немесе) банк холдингiн не банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдарды тәуекелге ұшырататын олардың арасындағы операцияларды (тiкелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
4) банктен немесе банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғадан, сондай-ақ банк холдингiнен өзiнiң иелену үлесiн иелiктен шығаруды немесе еншiлес ұйымдарға немесе жарғылық капиталына қомақты қатысатын ұйымдарға бақылау жүргiзудi талап етуге;
5) банк конгломератының құрамына кiретiн ұйымдардан банк конгломератын тәуекелге ұшырататын, олар мен үлестес тұлғалар арасындағы операцияларды (тiкелей және жанама) жүзеге асыруды тоқтата тұруды талап етуге;
6) банктiң немесе банк конгломератының меншiктi капиталын банктiң немесе банк конгломератының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болатын мөлшерде арттыру мақсатында банк холдингiнен, банктiң iрi қатысушысынан банктi немесе банк конгломератын қосымша капиталдандыру жөнiнде шаралар қолдануды талап етуге құқылы.
3. Банктiң iрi қатысушысы, банк холдингi не банктiң не банк холдингiнiң iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлға осы баптың 2-тармағында, сондай-ақ осы Заңның 57-бабының 6-тармағында көзделген талаптарды орындамаған жағдайда, уәкiлеттi органның шешiмi негiзiнде банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң, банк холдингiнiң iрi қатысушысы белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi банк акцияларын сенiмгерлiк басқару тағайындалады. Бұл акциялар уәкiлеттi органға үш айға дейiнгi мерзiмге сенiмгерлiк басқаруға берiледi.
Уәкiлеттi орган банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi банк акциялары ұлттық басқарушы холдингке сенiмгерлiк басқаруға берiлген жағдайда, акцияларды сенiмгерлiк басқаруды тағайындау мерзiмi уәкiлеттi органның сенiмгерлiк басқаруды тағайындау туралы шешiмiнде айқындалады.
Уәкiлеттi орган не ұлттық басқарушы холдинг банктiң акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырған кезеңде акциялардың меншiк иесi сенiмгерлiк басқарудағы акцияларға қатысты қандай да бiр iс-әрекеттердi жүзеге асыруға құқылы емес.
Банктiң iрi қатысушысы, банк холдингi не банктiң iрi қатысушысы, банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлға уәкiлеттi органға банктiң өзiне тиесiлi барлық акцияларын өтiнiшхатта көрсетiлген тұлғаларға сату туралы өтiнiшхат беруге құқылы.
Өтiнiшхатта көрсетiлген акцияларды сатып алушылар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын орындаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiшхатты қанағаттандырады.
Банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi банк акцияларын ұлттық басқарушы холдингке сенiмгерлiк басқаруға беру үшiн негiздер сенiмгерлiк басқару тағайындалған мерзiм аяқталғанға дейiн жойылмаған жағдайда, уәкiлеттi орган не ұлттық басқарушы холдинг банктiң сенiмгерлiк басқарудағы акцияларын олардың акцияларды өткiзу туралы шешiм қабылданған күнi қалыптасқан нарықтық құны бойынша бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында өткiзу жолымен иелiктен шығарады. Акциялардың нарықтық құны туралы ақпарат болмаған жағдайда, акцияларды өткiзу бағасын бағалаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындауы мүмкiн. Көрсетiлген акцияларды сатудан түскен ақша акциялары сенiмгерлiк басқаруға берiлген тұлғаларға аударылады.
Банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы, банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаға тиесiлi банк акцияларын сату жөнiндегi iс-шаралар банк қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Банктiң iрi қатысушысына, банк холдингiне не банктiң iрi қатысушысы не банк холдингi белгiлерiн иеленушi тұлғаларға тиесiлi банк акцияларын сенiмгерлiк басқаруды жүзеге асырудың тәртiбi, сондай-ақ уәкiлеттi органның не ұлттық басқарушы холдингтiң сенiмгерлiк басқару кезеңiндегi iс-әрекетi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленедi.
4. Мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртiбi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiмен айқындалады.
Ескерту. 47-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2008.10.23 N 72-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.12.28 N 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
48-бап. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын
жүргiзуге берiлген лицензиялардың қолданылуын
тоқтата тұру, тоқтату не олардан айыру үшiн
негiздер
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.